Футзал: Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Аргентинадан басым түсті
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 8 қыркүйек күні Алматы қаласында футзалдан Қазақстан мен Аргентина құрамалары арасында жолдастық кездесу өтті.
Кездесу барысында ел құрамасынан Дәурен Тұрсағұлов 7, Ақжол Дәрібай 10, Арнольд Кнауб 16-минутта үш гол соқты.
Оған екінші кезеңде аргентиналық футзалшылар екі голмен жауап қайырды.
Осылайша ел құрамасы қарсыласынан 3:2 еесбімен басым түсті.
Айта кетсек, биыл 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатында ел құрамасы Испания, Ливия және Жаңа Зеландиямен шеберлік байқасады.
Ал Аргентина құрамасы С тобында Украина, Ауғанстан және Анголамен шеберлік байқасады.
Қазақстандық футзалшылар бұдан бұрын Тәжікстан құрамасымен екі мәрте жолдастық кездесуде 4:3, 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Одан кейін Иран құрамасын алдымен 3:0 есебімен тізе бүктіріп, одан кейін 1:1 есебімен тең түсті.