НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан Қазақстан құрамасының 2022 жылғы Еуропа чемпионаты топтық іріктеу кезеңінде бүгін, 9 cәуірде елордада Израильмен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұған дейін қазақстандық футзалшылар төрт ойын өткізді. Олар Венгрия (5:0, 6:1) мен Беларусьті (5:2, 6:1) қапы қалдырып кетті. Төрт турда бірде-бір ұпайды шашау шығармаған құрама 12 ұпай жинап, екі тур бұрын жарыстың финалдық кезеңіне жолдама алып қойды . Одан кейінгі орындардағы Венгрия мен Беларусьтің -6, Израильдің 3 ұпайы бар.
Бүгінгі ойын елорда уақытымен 16.50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Айта кетерлігі, екі құрама Нұр-Сұлтанда 11 сәуірде тағы бір кездесу өткізеді. Аталған топта 13 сәуірде Беларусь және Венгрия құрамалары шеберлік байқасады. Осылайша іріктеу кезеңі мәресіне жетеді.
Еуропа чемпионатының финалдық сатысы 2022 жылдың 19 қаңтар және 6 ақпан аралығында Нидерландының Амстердам және Гронинген қалаларында өткізіледі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.