10:57, 18 Наурыз 2009
Футзал: Қазақстан құрамасы Испанияда өтетін Еуропа чемпионаты негізгі кезеңінің матчтарына қатысады
АСТАНА. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы наурыздың 19-ы мен 22-сі аралығында Испанияда өтетін 2010 жылғы Еуропа чемпионаты негізгі кезеңінің матчтарына қатысады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, біздің команда 2-ші топта Испания, Словакия және Молдова құрамаларымен финалдық турнирге берілетін жалғыз жолдамаға таласады. Жарыс күнтізбесіне сәйкес, Қазақстан құрамасы наурыздың 19-да Словакиямен, 20-да Испаниямен, ал 22-де Молдовамен кездеседі. Матчтар Испанияның Бадахос қаласында өтеді. Айта кетейік, біздің команда 2010 жылғы Еуропа чемпионатының негізгі кезеңіне Ирландияның Дублин қаласында өткен іріктеу турнирінің алдын ала кезеңіндегі барлық ойындарында жеңіске жеткен болатын. Ол кезде Қазақстан Англияны 5:2, одан кейін Кипрді 3:0, ал үшінші матчында алаң иелері Ирландияны 5:0 есебімен жеңді.