ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен екі жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.
Бұл - еліміздің ұлттық құрамасының 2022 жылғы Еуропа чемпионаты алдындағы дайындығы болмақ.
Қос кездесу Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 14-15 желтоқсан күндері өтеді. Ойындар елорда уақытымен 19:00-де басталады.
Айта кетсек, құрлықтық дода 2022 жыдың 19 қаңтар - 6 ақпан аралығында Нидерланд елінде өтеді. Қазақстандық футзалшылар В тобындағы қарсыластары - Словения, Италия және Финляндия.
2021 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы төртінші орын алса, Өзбекстан 1/8 финалға дейін жетті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.