Бүгін елордада футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінің элиталық раундының ойыны өтеді. Қазақстан құрамасы өз алаңында Нидерланд құрамасымен шеберлік байқасады, деп хабарлайды Kazinform.
Шешуші кездесу Астана уақытымен 20:30-да басталады. Ойынды «Qazsport» телеарнасы көрсетеді.
Айта кетейік, А тобының жеңімпазы 2024 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне тікелей жолдама алады. Екінші орын алған команда да әлемдік доп додасына қатысады.
Еске салайық, футзалдан әлем чемпионаты 2024 жылдың 14 қыркүйегі мен 6 қазаны аралығында Өзбекстанда өтеді.
Абылайхан Жұмашев
1993 жылы 15 қарашада Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.
Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистрі.