Футзал: «Семей» элиталық кезеңде қарсыласын ойсырата ұтты

Фото: Фото: «Семей» футзал клубы

АСТАНА. KAZINFORM — Футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық кезеңінде қазақстандық «Семей» Пальма-де-Майоркада (Испания) D тобындағы екінші кездесуін «Рекорд Бельско-Бяла» (Польша) командасымен өткізді.

Семейліктер қарсыласын бет қаратпай, 5:0 есебімен ойсырата ұтты.
«Семей» сапында Дедезиньо 6, 14, 34 және 39-минутта төрт голдың авторы атанса, тағы бір допты Габриэл Кандидо (20-минут) соқты.
Осылайша, алғашқы үш ұпайына қол жеткізген бразилиялық маман Дави Мендонсаның шәкірттері соңғы матчын 30 қараша күні словакиялық «Мимел Лученец» командасымен өткізеді.
Бірінші турда «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазы, испаниялық «Пальмаға» (1:4) есе жіберген болатын.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын футзалдан «Қайраттың» тағы бір қарсыласын ұтқанын жазған болатынбыз.