АСТАНА. KAZINFORM - «Семей» футзал командасы үш дүркін «Алтын доп» иегері бразилиялық Ферраоны қатарына қосты.
Биыл семейлік клуб ел біріншілігінде топ жарып, алғаш рет чемпион атанған болатын. Нәтижесінде Чемпиондар лигасында бақ сынауға мүмкіндік алды.
Бүгінде команда басшылығы құрамын тәжірибелі футзалшылармен толықтырып жатыр. Жуырда команда сапына танымал қазақстандық қақпашы Лео Игита қосылған еді. Енді «Семей» командасының жейдесін футзал жанкүйерлеріне Феррао лақап атымен танымал Карлос Вагнер Гуларте Фило де киді.
Феррао 1990 жылдың 29 қазанында дүниеге келген. Спортшы «Жоинвилл», «Атлант» «Фаррупилья», «Тюмень» клубтарында доп тепкен. 2014 жылдан бері «Барселона» командасының намысын қорғады.
Айта кетейік, ол 2019, 2020, 2021 жылдарда әлемнің үздік футболшысы болды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.