НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордада футзалдан 26 -шы Қазақстан кубогы жалауын көтерді. Алғашқы ойында «Атырау» мен «Рахмет» командалары кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алғашқы кезңде «Атырау» ойыншылары басымдық көрсетті. Олардың қатарынан Фукин 13, 18, Эрик Данило 17-минуттарда мергендік танытты. Екінші кезеңде Г. Нағашыбай 25, Булатов 29, 33-минуттарда гол соғып, таразы басын теңесті.
Бұдан кейін қайтадан атыраулық Фукин 34-минутта командасын алға шығарса, атыраулық Сәрсенбаев 40-минутта өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ.
Осылайша кездесуде 4:4 есебіне тіркеліп, командалар тең нәтижеге қанағат білдірді.
Сондай-ақ, Қазақстан кубогында Рудныйдың «Алтай» командасы Көкшетаудың «Оқжетпесін» 4:2 есебімен жеңді.
Еске салсақ, бұдан бұрын алматылық «Қайрат» футзалдан Қазақстан суперкубогына ие болды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.