НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан 2021 жылғы әлем чемпионаты финалдық кезеңіндегі Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық футзалшылар А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Литва, Венесуэла және Коста-Рика құрамалары.
Өзге топтардағы құрамалар төмендегіше бөлінді:
B тобы: Ресей, Өзбекстан, Гватемала, Египет;
C тобы: Тайланд, Португалия, Марокко, Соломон аралдары;
D тобы: Панама, Чехия, Вьетнам, Бразилия;
E тобы: Ангола, Жапония, Парагвай, Испания;
F тобы: Аргентина, АҚШ, Сербия, Иран.
Әрбір топта алдыңғы екі орынға ие болған құрамалар плей-офф кеезңіне тікелей жолдама алады. Ал төрт құрама үздік нәтижеге қол жеткізген үшінші орындардағы құрамалар арасынан анықталады.
Әлем чемпионаты 2021 жылдың 12 қыркүйек және 3 қазан аралығында Литвада өткізіледі.
Қазақстан құрамасы бұған дейін әлем чемпионаты финалдық кезеңіне екі мәрте 2000, 2016 жылдары екі мәрте қатысты. 2016 жылы 1/8 финалға дейін жетті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.