Футзалдан ӘЧ іріктеу: Қазақстан Әзербайжаннан басым түсті
Қазақстан құрамасы футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионаты элиталық іріктеу кезеңіндегі үшінші ойынын Әзербайжанға қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ел құрамасы А тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары – Румыния, Әзербайжан және Нидерланд.
Бүгінгі кездесуде қазақстандық футзалшылар алғашқы минутта жинақы қимыл көрсетті.
ҚР құрамасы сапынан Біржан Оразов 23, Дуглас Жуниор 27, Дәурен Тұрсағұлов 36, Лео 39-минутта мергендік танытты. Оған әзербайжан спортшыларынан Хади Ахмади 12, Манека 40-минутта екі голмен жауап қайыра алды.
Осылайша Қазақстан қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсті.
Ел құрамасы бұдан бұрын Румынияны 4:3, Нидерландты 2:0 есебімен жеңген еді.
Айта кетсек, екінші іріктеу сатысында қазақстандық футзалшылар Черногория (7:0, 5:1) мен Словенияны (2:0, 3:3) артта қалдырып, өз тобында бірінші орын алды. Тоғыз ұпаймен көш бастап тұр.