Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының қарсыластары қалай ойнады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Литвада футзалдан әлем чемпионатының финалдық сатысында А тобындағы алғашқы тур аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан құрамасы Коста-Рикадан 6:1 есебімен басым түсті.

Одан кейін Литва мен Венесуэла шеберлік байқасқан еді. Бұл кездесуде литвалықтар қарсыласына 1:2 есебімен жол беріп қойды.

Енді Қазақстан құрамасы 15 қыркүйекте Литвамен ойнайды. Ал Венесуэла мен Коста-Рикамен алаңға шығады.

Топтық кезең ойындары 12-20 қыркүйек аралығында болады. Финал 3 қазанға белгіленген.

Қазақстан құрамасы бұдан бұрын әлем чемпионаты финалдық сатысында екі мәрте бақ сынады. 2000 жылы бірінші кезеңнен аса алмаса, 2016 жылы 1/8 финалға дейін жетті.