АСТАНА. KAZINFORM — Кеше, 16 қыркүйекте Өзбекстанда өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатында алғашқы тур ойындары мәресіне жетті.
Бұл күні 2021 жылы әлем чемпионы Португалия Панама құрамасын 10:1 есебімен жеңіп, E тобында турнир кестесінде бірінші орынға табан тіреді.
Аталған топта Марокко құрамасы Тәжікстаннан 4:2 есебімен басым түсті.
Сондай-ақ F тобында Иран Венесуэланы 7:1, Франция Гватемаланы 6:3 есебімен тізе бүктірді.
Енді 17 қыркүйекте А тобында Коста-Рика мен Нидерланд, Өзбекстан мен Парагвай кездессе, В тобында Таиланд пен Куба, Бразилия мен Хорватия шеберлік байқасады.
Еске салсақ, 15 қыркүйекте D тобында ойын көрсетіп жатқан Қазақстан құрамасы Испаниямен 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.