Бұл турнирге еліміздің көптеген өңірінен келген 12 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Қызылорда Korkyt Ata University командасы үздік нәтиже көрсетті. Қызылордалық арулар финалда Шымкент қаласындағы Dostyk University командасын 2:1 есебімен тізе бүктірді. Осылайша әйелдер арасындағы қызылордалық клуб Қазақстан кубогінің алғашқы иегері болды.
Ал Алматының «Қайрат» командасы мен «Ақтөбе» ұжымы қола жүлдені сарапқа салды. Нәтижесінде алматылықтар 5:1 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық «Қайрат» командасы халықаралық Futsal Planet премиясына үміткер ретінде ұсынылды.