Қазақстандық клуб бірінші топта сынға түседі. Қарсыластары Португалияның «Спортинг», Хорватияның «Олмиссум» және Украинаның «Хит» командалары.
Алғашқы екі ойында қазақстандықтар қарсыластарына есе жіберді. Алдымен, «Олмиссумнен» - 2:3, «Спортингтен» 1:6 есебімен жеңілді.
Сондықтан қазақстандық клуб бүгінгі кездесуде барынша жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде Абдирасул Әбдіманаұлы - 6, Евгений Козырчиков 9-минутта мергендік танытты.
Ойынның соңғы минуттарында украиналық команда екі гол соғып, таразы басын теңестіріп кетті.
Осылайша командалар 2:2 есебімен тең түсті.
Енді аталған топта «Спортинг» және «Олмиссум» командалары кездеседі.
Сондай-ақ Чемпиондар лигасы үшінші тобында сынға түсіп жатқан алматылық «Қайрат» соңғы ойында Испанияның «Пальмасымен» ойнайды. Олар бұдан бұрын Люксембургтің «Дифферданжын» 4:2 есебімен ұтса, Венгрияның «Халадашымен» 2:2 есебімен тең болды.