Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» пен «Семей» элиталық кезеңдегі алғашқы матчтарын өткізеді

Фото: Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — 28 қарашаға қараған түні «Қайрат» пен «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасы элиталық кезеңіндегі бастапқы матчтарын өткізеді.

Алматылықтар франциялық «Этуальмен» алаңға шықса, «Семей» испаниялық «Пальмамен» шеберлік байқасады.

Қазақстан уақытымен сағат 00.20-да «Qazaqstan» телеарнасынан «Қайрат» - «Этуаль» матчы тікелей эфирде көрсетіледі. 

Сағат 00.35-тен бастап «Qazsport» телеарнасынан «Семей» — «Пальма» ойынын қарауға болады.

Алматылықтар В тобында сондай-ақ хорватиялық «Олмиссум» және «Футзал Динамо» командаларымен кездеседі. Семейліктер D тобында «Пальмадан» басқа «Рекорд Бельско-Бяла» (Польша) және словакиялық «Мимел Лученец» клубтарымен ойнайды.

Финалдық кезеңге төрт топтың жеңімпаздары ғана жолдама алады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Семейдің» футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіне жолдама алғанын жазған болатынбыз.