Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Приштина» командасын ірі есеппен жеңді
Футзалдан «Қайрат» командасы бүгін Чемпиондар лигасы элиталық сатысындағы алғашқы ойынында Косовоның «Приштина» командасын ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды Kazіnform.
Ойынның бірінші кезеңінде қазақстандық команда белсенділігін көрсетті. Алматылық клуб сапынан Альберт Ақбалықов 5-минутта автогол авторы атанды.
Одан кейін «Қайрат» ойыншылары қатарынан жеті гол соқты.
Бұл голдарды Педро 7, 18, Невес де Лима 8, Диего Фаверо 9, 17, Денер 12, Эдсон Сантос 13-минутта өзінің еншісіне жазды.
Екінші кезең басталғаннан косоволық футболшылар алға қарай ұмтылды. Нәтижесінде 24-минутта олар есеп айырмасын қысқартқан еді.
Қазақстандық команда одан әрі тізгінді өз қолына алды.
Олардың қатарынан Денер 27, Дуглас Жуниор 29, Алекс Виана 29, Кайо Руис 30 косоволық қақпашыны бірнеше мәрте қапы қалдырды.
Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 11:2 есебімен басым түсті.
Енді «Қайрат» 30 қараша 22:00-де Португалияның «Бенфика», 2 желтоқсанда Словакияның «Добовец» клубымен ойнайды.
Сондай-ақ, аталған топта «Бенфика» «Добовецтен» 4:3 есебімен басым түсті.
Айта кетсек, алматылық клуб 2012/2013, 2014/2015 жылдарда аталған турнирде жеңімпаз атанған еді.