«Қайрат» үшінші топта Испанияның «Пальма», Венгрияның «Халадаш» және Люксембургтің «Дифферданж» командаларымен кездеседі.
Бүгінгі кездесуде венгриялық ойыншылар белсенді бастады. Нәтижесінде Золтан Дрот 4-минутта есеп ашып кетті.
Одан кейін қазақстандық команда шабуылға көбірек көңіл бөлді.
Десе де қарсылас ұжым қорғанысты күшейтіп, бұл шабуылға төтеп беріп жатты.
Ойынның 15-минутында «Қайрат» сапынан Альберт Ақбалықов таразы басын теңестірсе, 21-минутта Алекс Виана алматылық клубты алға шығарды.
Ал 39-минутта венгриялық командадан Сантос Кассемиро қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша командалар 2:2 есебіне қанағат білдірді.
Енді қазақстандық клуб алдағы ойынын 29 қазанда Испанияның «Пальма» командасымен кездеседі.
Әр топтан алғашқы үш орындағы командалар элиталы сатыға жолдама алады. Ол ойындар биылғы 28 қараша - 3 желтоқсан аралығында өтеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Қайрат» бірінші ойынында Люксембургтің «Дифферданж» командасын жеңген еді.