Футзалдан қазақстандық «Қайрат» клубы сынға түсіп жатқан Чемпиондар лигасының негізгі сатысы үшінші тобындағы тағы бір кездесудің нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform.
Испанияның «Пальма» командасы Венгрияның «Халадашын» 3:1 есебімен жеңді.
Айта кетсек, «Қайрат» алғашқы кездесуінде «Дифферданж» клубын 4:2 есебімен сүріндірді.
Алғашқы турдан кейін «Пальма» мен «Қайрат» үш ұпаймен алғашқы екі орынды өзара бөлісіп тұр.
Енді алматылық клуб 27 қарашада Венгрияның «Халадаш» командасымен кездессе, «Пальма» пен «Дифферданж» шеберлік байқасады.
Әр топтан алғашқы үш орындағы командалар элиталы сатыға жолдама алады. Ол ойындар биылғы 28 қараша - 3 желтоқсан аралығында өтеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.