НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Ақтөбе» командасы футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы 1/4 финалына шыға алған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін Алматы қаласындағы «Нұр-Аман» спорт кешенінде өткен 1/4 финалдық ойында «Ақтөбе» Словенияның «Добовец» командасынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды.
Ойын барысында алғашқы голды «Ақтөбе» сапынан Витао Оливейра соққан болатын. Одан кейін қазақстандық клуб қарсыласынан екі гол жіберіп алды. «Добовец» сапынан Ведран Матошевич пен Клемен Душчак 21 және 24-минуттарда қос гол соғып, словениялық клуб жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын аталған турнирдің 1/16 финалдық сатысында «Ақтөбе» Грекияның АЕК командасын жеңді.
Айта кетейік, енді «Қайрат» Чемпиондар лигасы 1/4 финалында 21 ақпанда өз алаңында «Юнайтед Галац» командасын қабылдайды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.