Кездесу барысында алматылық команда бірінші кезеңде есеп ашуға тырысты. Соған қарамастан гол соға алған жоқ.
Екінші кезеңде сол басымдықты арттыруға күш салған еді. Дегенмен чехиялық футболшылар гол салып кетті.
Ойынның 22-минутында Марко Радованович есеп ашса, 24-минутта Матеус Торрес есепті үстемелей түсті.
«Қайрат» сапынан Рафаэль Вилела 38-минутта есеп айырмасын қысқартты.
Кездесуде алматылық клуб қарсыласына 1:2 есебімен жол берді. Осылайша олар жарысты жалғастыру мүмкіндігінен айырылды.
Сондай-ақ, бүгін аталған топтағы Португалияның «Бенфикасы» Мальтаның «Люксол Сент-Эндрюсын» 6:0 есебімен жеңді.
Енді «Қайрат» 26 қарашада «Бенфикамен» шеберлік байқасады.
Алғашқы турда «Қайрат» «Люксол Сент-Эндрюс» командасымен 0:0, «Хрудим» «Бенфика» клубымен 3.3 есебімен тең ойнады.
Әрбір топтың жеңімпазы турнирдің бас жүлдесін сарапқа салатын төрт команда қатарына қосылады.
Фото: afckairat.kz