АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Қайрат» пен «Аят» командалары футзалдан UEFA Чемпиондар лигасының негізгі сатысындағы алғашқы ойындарын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жеребеге сәйкес алматылық «Қайрат» 1-топқа түсті. Онда қазақстандық клуб испаниялық «Мальорка», франциялық «Спортинг Париж» және бельгиялық «Андерлехт» командаларымен шеберлік байқасады.
Қазақстандық команда алғашқы кездесуінде бельгиялық «Андерлехт» ойнайды. Кездесу Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Рудныйлық «Аят» 2-топта португалиялық «Спортинг», хорватиялықтар «Ново Време» және «Пула» командаларымен сынға түседі.
«Аят» бірінші ойынында «Ново Време» командасына қарсы өткізеді.
Негізгі кезең матчтары 25-30 қазан аралығында өтеді. Элиталық кезеңге әр топтан үздік үш команда қатысады. Элиталық кезең кездесулері 22-27 қарашаға жоспарланған.
Еске салсақ, футзалдан Әлем чемпионатына іріктеу: Қазақстан Черногорияны жеңді.
Фото: ville-ronchin.fr
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.