НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Қайрат» бүгін, 20 ақпанда футзалдан Чемпиондар лигасы 1/8 финалында өз алаңында Румынияның «Юнайтед Галац» командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ойын Алматы қаласындағы «Нұр-Аман» спорт кешенінде өтеді.
Кездесу елорда уақытымен 18.00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі.
Естеріңізге сала кетелік, «Қайрат» турнирдің 1/16 финалында сырт алаңда Беларусьтің «ВитЭн» командасын 5:3 есебімен сүріндірді.
«Қайрат» аталған турнирде 2012/2013, 2014/2015 жылдарда жеңімпаз атанған болатын.
Бұл уақытта турнир UEFA кубогы деп аталатын.
Айта кетейік, бұдан бұрын аталған турнирдің 1/8 финалында қазақстандық «Ақтөбе» командасы Словенияның «Добовец» клубына 1:2 есебімен жол беріп, ширек финалдан шет қалды.
Ақтөбелік футзалшылар 1/16 финалда Грекияның АЕК командасын жеңіп кеткен еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.