НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматының «Қайратына» футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы 1/4 финалында Португалияның «Бенфика» командасы қарсылас атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын 1/8 финалда «Қайрат» Румынияның «Юнайтед Галац» клубын 6:1 есебімен сүріндірсе, 1/16 финалда Беларусьтің «ВитЭн» командасынан 5:3 есебімен басым түсті.
Ал «Бенфика» 1/8 финалда Мажарстанның «Береттьоуйфалынан» басым түсті.
Португалдық клуб 2001 жылы құрылған. 2009/10 жылғы кезеңде UEFA кубогын төбесіне көтерді. Бұл турнир қазір Чемпиондар лигасымен біріктірілді.
«Қайрат» аталған турнирде 2012/2013, 2014/2015 жылдарда жеңімпаз атанған болатын. Бұл уақытта турнир UEFA кубогы деп аталатын.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.