АСТАНА. KAZINFORM - Футзалдан 2024/2025 жылғы маусымдағы Қазақстан біріншілігі 12 қазан күні басталады.
Алғашқы тур Өзбекстанда өтетін әлеv чемпионатына байланысты жылдағы мерзімінен кеш басталғалы отыр.
Қазақстан футбол қауымдастығының президенті Талғат Қосмұхамбетовтің айтуынша, плей-офф сатысына 8 команда жолдама алады.
Ширек финал бір команданың екі жеңісіне дейін жалғасады. Жартылай финалда ол үш жеңіске дейін белгіленген. Ал, 3-орын үшін командалар екі жеңіске дейін бәсекеге түссе, финалда жеңімпаз үш жеңіс бойынша анықталады.
«Семей» мен «Қайрат» арасындағы Суперкубок ойыны 19 ақпанда өтеді жоспарлануда. Бұл кездесудің өтетін орны әзірге анықталған жоқ.
Еске салсақ, бұдан бұрын футзалдан Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысындағы қарсыластары анықталды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.