Бұл күнгі басты кездесуде «Семей» мен алматылық «Қайрат» командалары арасында болды.
Қос команда кейінгі жылдары ел біріншілігінде бас жүлдеге таласып келеді. Сондай-ақ олар еурокубок ойындарында Қазақстан намысын қорғап жүр.
Бүгінгі кездесу барысында семейлік клуб қарсыласынан 10:4 есебімен басым түсті. Олар 27 қыркүйекте аталған қарсыласын 5:2 есебімен сүріндірген еді.
27 қыркүйек
- «Байтерек» (Орал) - «Тұлпар» (Қарағанды) 3:2
- «Астана» - «Ақтөбе» 3:4
- «Қарағанды» - «Жетісу» (Талдықорған) 3:0
- «Шымкент» - «Аят» (Рудный) 0:6
28 қыркүйек
- «Байтерек» (Орал) - «Тұлпар» (Қарағанды) 2:3
- «Астана» - «Ақтөбе» 0:7
- «Қарағанды» - «Жетісу» (Талдықорған) 4:1
- «Шымкент» - «Аят» (Рудный) 4:5
Бұл турда 25-26 қыркүйек күндері ақтаулық «Каспий» «Атырауды» 3:2 себімен жеңсе, тағы бір кездесуде 0:0 есебімен тең түсті.
Енді 5-6 тур ойындары 4 және 5 қазан күндері өткізіледі.
Айта кетсек, футзалдан ел біріншілігінде биыл 12 команда бақ сынап жатыр.