Алматылық «Қайрат» командасы ел біріншілігін сәтті бастады. Олар алғашқы турда «Қарағанды» командасын 5:3 есебімен жеңді.
Сондай-ақ «Атырау» «Астананы» 5:2 есебімен жеңсе, рудныйлық «Аят» Оралдың «Бәйтерегін» 6:5, «Семей» ақтаулық «Каспийді» 6:2 есебімен тізе бүктірді.
Енді кезекті тур ойындары 6 және 7 қыркүйек күндері өтеді.
Еске салсақ, футзалдан «Қайрат» командасы 2025 жылғы Қазақстан чемпионы болды.
Айта кетсек, бұдан бұрын футзалдан 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеудің плей-офф кезеңіндегі Қазақстан құрамасының Италияға қарсы екі ойынының қайда өтетіні және уақыты белгілі болды.
Алдымен отандастарымыз 18 қыркүйекте қазақстандық уақытпен 23:55–те сырт алаңда Италияның Фазано қаласында кездессе, одан кейін 23 қыркүйекте 19:30–де оларды Астанадағы Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қабылдайды.