Футзалдан Еуропа чемпионаты: Бүгін Қазақстан-Италия матчы тікелей эфирден көрсетіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 ақпаннан 10 ақпанға қараған түні Астана уақытымен сағат 01.50-де Сербия астанасы Белградта футзалдан өтіп жатқан Еуропа чемпионатында Қазақстан мен Италия құрамаларының арасындағы ширек финалдық кездес өтеді, деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметі.

Қазақстан құрамасының құрлық біріншілігінің финалдық кезеңіне шығуының өзі мамандар үшін сенсация болғаны анық. Бірақ Қазақстандық футболшылар турнир барысында Белградқа жай келмегенін дәлелдеуде. Атап айтсақ, турнир фавориттерінің бірі Ресей құрамасы біздің ойыншылардан жеңілмей кеткенін олжаға балауда. Ал Дінмұхамед Сүлейменов пен оның әріптестері Хорватия құрамасын оңай ұтып, ширек финалға жолдама алды.

Біздің келесі қарсыласымыз - Италия құрамасы. Екі жыл бұрын Кәрі құрлықтың үздігі атанған командаға қарсы матч қалай аяқталса да, Қазақстан құрамасының футболшыларының Еуропа чемпионатындағы керемет ойыны - зор жетістік. Қазақстан - Италия құрамаларының арасындағы матчтың тікелей көрсетілімін бүгін сағат 01.50-де "Қазақстан" ұлттық арнасынан тамашалауға болады.