НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысы топтық кезеңіндегі төртінші ойын күнінің нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетсек, 21 қаңтарда D тобындағы құрамалар сынға түсті. Бұл күні Испания Босния және Герцоговинаны 5:1, Грузия Әзербайжанды 3:2 есебімен тізе бүктірді.
Енді аталған топта 26 қаңтарда Босния және Герцоговина мен Грузия, Испания мен Әзербайжан құрамалары шеберлік байқасады.
Сондай-ақ, бүгін А тобында алғашқы тур ойындары өткізіледі. Аталған топта Сербия мен Украина, Португалия мен Нидерланды құрамалары сынға түседі.
Еске салсақ, В тобында ойнайтын Қазақстан бірінші турда Словениямен 4:4, Италия мен Финляндия 3:3 есебімен тең түсті.
Екінші турда 24 қаңтарда Италия мен Словения, Қазақстан мен Финляндия алаңға шығады.
Айта кетсек, турнир Нидерландының Амстердам және Гронинген қалаларында 19 қаңтар және 6 ақпан күндері өткізіледі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.