НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы сынға түсетін В тобындағы екінші турындағы алғашқы ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл кездесуде Италия мен Словения құрамалары шеберлік байқасты.
Еске салсақ, аталған топта Қазақстан құарамсы да сынға түседі. Қазақстандық футзалшылар бүгін Финляндиямен кездеседі. Ойын елорда уақытымен 01.30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Алғашқы турда Қазақстан мен Словения 4:4, Италия мен Финляндия 3:3 есебімен түсті.
Үшінші турда 28 қаңтарда Қазақстан мен Италия кездеседі, Финляндия мен Словения алаңға шығады.
Айта кетсек, турнир Нидерландының Амстердам және Гронинген қалаларында 19 қаңтар және 6 ақпан күндері өткізіледі. Еуропа чемпионаты 1996 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінге дейін Испания - 7, Италия - 2, Ресей мен Португалия 1 мәрте чемпион атанды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.