НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы сынға түсетін В тобындағы тағы бір ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл топтағы алғашқы кездесуде Қазақстан мен Словения 4:4 есебіне қанағат білдірді .
Екінші кездесуде Италия мен Финляндия шеберлік байқасты.
Кездесу барысында қос құрама тартысты ойын өткізді. Нәтижесінде ойында 3:3 есебі тіркелді.
Аталған топтағы екінші тур 24 қаңтарда ойналады.
Қазақстан мен Словения елорда уақытымен 01.30-да кездессе, 22.30-да Италия мен Словения тартысқа түседі.
Ойындар «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Еуропа чемпионатында бүгін, 21 қаңтарда С тобындағы құрамалар сынға түседі. Ресей мен Словакия, Польша мен Хорватия кездеседі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.