Қазақстан: Игита, Кнауб, Тұрсағұлов, Дуглас Джуниор, Оразов - Атантаев, Қарағұлов, Валиуллин, Ақбалықов, Есенаманов, Тоқаев, Сағындықов;
Украина: Ципун, Чернявский, Корсун, Штурма, Зварич - Савенко, Радевич, Разуванов, Аққу, Грей, Абакшин, Журба, Педяш.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы В тобында Финляндия (6:2) және Италия (4:1) құрамаларын жеңіп, және Словениямен (4:4) тең түскен еді. Сөйтіп В тобында бірінші орынмен плей-офф кезеңіне шыққан болатын. А тобындағы Украина құрамасы Сербиядан (6:1) басып түсіп, Нидерланды (2:3) мен Португалиядан (0:1) ұтылды, бірақ екінші орыннан 1/4 финалға шығу үшін үш ұпай жеткілікті болды.