Бүгін С және D топтарында ойындар өткізілді.
С тобында Ресей Польшаны 5:1, Словакия Хорватияны 5:3 есебімен тізе бүктірді. Нәтижесінде аталған топтан Ресей 9, Словакия 4 ұпаймен жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
D тобында Әзербайжан Босния және Герцоговинаны 4:2, Испания Грузияны 7:0 есебімен жеңді. Бұл топта Испания 7, Грузия 6 ұпаймен ширек финалға шықты.
Ал 28 қаңтарда А және В топтарында Қазақстан мен Финляндия, Португалия мен Украина жарыстың аталған сатысына жолдама алды.
Ширек финалда құрамалар төмендегіше жұп құрады:
31 қаңтар
Португалия мен Финляндия
Қазақстан мен Украина
1 ақпан
Испания мен Словакия
Ресей мен Грузия
Жартылай финал ойындары 4 ақпанға белгіленген. Ал 6 ақпанда финал мен 3-орын үшін ойындар болады.
Еуропа чемпионаты 1996 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінге дейін Испания - 7, Италия - 2, Ресей мен Португалия 1 мәрте чемпион атанды.