НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан Қазақстан чемпионаты 3 шілдеден бастап қайта жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде Алматының «Қайрат» футзал командасы мәлім етті. Ойындардың барлығы Нұр-Сұлтан қаласында өткізіледі.
Еліміздің биылғы доп додасында барлығы сегіз команда бақ сынап жатыр. Олардың қатарында «Қайраттан» өзге «Ақтөбе», «Атырау», «Аят» (Рудный), «Бәйтерек» (Орал), «Жетісу» (Талдықорған), «Каспий» (Ақтау) және «Оқжетпес» (Көкшетау) командалары бар.
Қазір турнир кестесінде «Қайрат» командасы 44 ұпаймен көш бастап келеді. Одан кейінгі орындардағы «Ақтөбенің» 36, «Аяттың» 35 ұпайы бар.
Сондай-ақ, футболдан Қазақстан чемпионаты 1 шілдеде жалғасады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.