Футзалдан Қазақстан чемпионаты кейінге шегерілді

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – Футзалдан Қазақстан чемпионатының ойындары кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан футбол федерациясының ресми мәлімдемесіне сүйенсек, футзал чемпионаты карантин режимінің күшеюіне байланысты уақытша тоқтатылды.

«Алматы қаласының бас мемлекеттік дәрігерінің №66 жарғысының қаулысымен футзалдан Қазақстан чемпионатының ХХVII турының ойындары кейінге шегерілді. Ойындар Алматы қаласындағы «Қайрат» және «Зенит» спорт кешендерінде өтеді. Қазақстан чемпионатының IV айналымы мен плей-офф кезеңінің ойын кестесі кейін хабарланады», - делінген федерация ақпаратында.

Айта кетейік, футзалдан ел біріншілігі дәстүр бойынша «Күз/Көктем» форматында ұйымдастырылады. Алайда елдегі карантин жағдайларына байланысты жарыс ережесі өзгеруі мүмкін.