Футзалдан Қазақстан чемпионы «Орал Кубогі» халықаралық жарысына қатысуда

АСТАНА. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат - Бүгін, шағын футболдан Қазақстан чемпионы Алматының «Қайрат» командасы Екатеринбордағы «Орал Кубогі» халықаралық жарысындағы алғашқы ойынын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Футбол федерациясына сілтеме жасап.

Шағын футболдан Оңтүстік-Орал қауымдастығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан айтулы Турнирге алматылықтармен қатар, Ресей чемпионы және УЕФА кубогі додасының ақтық сынына дейін жеткен азулы команда «ВИЗ-Синара» (Екатеринбор) қатысады.

Сонымен бірге Ресей біріншілігінің финалисі «Тюмень», Новосібірдің «Сибиряк», «Норильский Никель» және «Новая Генерация» сынды командалар бар.

Бүгін, тамыздың 24-і күні «Қайрат» алғашқы матчтарын «Сибиряк» ойыншыларымен өткізеді.