НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан Қазақстан кубогы финалында кездесетін екі команда анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Финалға алдымен Алматының «Қайрат» командасы жолдама алды. Ол жартылай финалда «Аяттан» жеңістер сериясында 3-0 есебімен басым түсті.
Финалға екінші жолдама «Атырау» командасына бұйырды. Ол ойындар сериясында «Ақтөбені» 3-2 есебімен тізе бүктірді.
Айта кетейік, финалдағы нәтижеге қарамастан атыраулық клуб 2021/22 жылғы кезеңде UEFA Чемпиондар лигасында еліміздің атынан бақ сынауға мүмкіндік алды. Команда 2020 жылы құрылған. Небәрі бір жыл ішінде осылайша жоғары нәтижеге қол жеткізіп отыр.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.