Жеребе тарту рәсімі UEFA-ның Швейцарияның Ньон қаласындағы штаб-пәтерінде өтті.
Іріктеудің негізгі кезеңінде 36 ұлттық құрама бақ сынайды. Олар үш құрамадан 12 топқа бөлінді. Матчтар үйде және сырт алаңда өтеді.
Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 6-топқа түсіп, Беларусь және Албания құрамаларымен кездеседі.
Негізгі раунд матчтары 2026 жылғы 12-21 қазан, 2-11 қараша, 6-9 желтоқсан аралығында және 2027 жылғы 22 ақпан мен 3 наурыз аралығында өтеді.
Негізгі кезеңнің қорытындысы бойынша барлық 12 топтың жеңімпазы мен екінші орын алған үздік төрт құрама элиталық раундқа тікелей жолдама алады. Ал екінші орын иеленген қалған сегіз команда плей-офф кезеңінде әлем чемпионатының келесі сатысына шығу үшін күресін жалғастырады.
Еске салсақ, бұдан бұрын футзалдан Қазақстан құрамасы екі жолдастық кездесуде Әзербайжанды жеңді.