Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты жеребесінде екінші себетке түсті
АСТАНА. KAZINFORM - Өзбекстанда өтетін футзалдан әлем чемпионаты топтық кезеңінде құрамалардың қай себетке түсетіні белгілі болды. Қазақстан құрамасы 2-себетке жайғасты.
Себеттер ФИФА рейтингі бойынша жасақталған. Ережеге сәйкес Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Марокко, Таиланд, Франция, Украина және Парагвай құрамаларымен кездеспейді.
Ал бірінші себетте Өзбекстан, Бразилия, Испания, Аргентина, Португалия, Иран болса, үшінші себетте Коста Рика, Гватемала, Венесуэла, Куба, Жаңа Зеландия, Ливия, төртінші себетте Тәжікстан, Ангола, Хорватия, Франция, Нидерланд және Ауғанстан орналасқан.
Айта кетсек, жеребе тарту рәсімі 26 мамырда Самарқан қаласында өтеді.
Әлем чемпионаты 14 қыркүйек-6 қазан аралығында болады.
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалдық сатысында 2000, 2016, 2021 жылдарда сынға түсіп, 2021 жылы 4-орынға табан тіреді.
Айта кетсек, ФИФА-ның алғашқы рейтингісінде Қазақстан футзал құрамасы 4-орынға жайғасты.
https://kaz.inform.kz/news/fifa-reytings-kazakstannin-futzal-kuramasi-4-orinda-tur-98b39f/