АСТАНА. KAZINFORM - Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты финалдық кезеңіне қатысу үшін Өзбекстанға барды. Биыл 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатында ел құрамасы Испания, Ливия және Жаңа Зеландиямен шеберлік байқасады.
Аталған сында ел намысын қорғайтын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды. Атап айтқанда, Нарун Серіков, Леонардо Игита, Арнольд Кнауб, Ринат Төреғазин, Ақжол Дәрібай, Әбдірасул Әбдіманапұлы, Азат Валиуллин, Лео, Альберт Ақбалықов, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Жахангир Рашит және Дуглас Жуниор өнер көрсетеді.
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалдық сатысында 2000, 2016, 2021 жылдарда сынға түсіп, 2021 жылы 4-орынға табан тіреді.
Қазақстандық футзалшылар бұдан бұрын жолдастық кездесуде Тәжікстан құрамасымен екі мәрте жолдастық кездесуде 4:3, 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Одан кейін Иран құрамасынан алдымен 3:0 есебімен басым түсіп, екінші кездесуде 1:1 есебімен тең тарқасты.
Сондай-ақ ел құрамасы жолдастық кездесуде Аргентинаны 3:2 есебімен жеңді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.