Футзалдан Қазақстан құрамасының УЕФА рейтингіндегі орны белгілі болды, деп хабарлайды Каzinform.
Бас бапкер Рикардо Каканың жетекшілігімен құрама құрлықтық рейтингте төртінші орынға табан тіреді. Ел құрамасының еншісінде 2416,503 ұпай бар.
Рейтингте біздің құрамадан жоғары Португалия (2615,953 ұпай), Испании (2547,159) және Ресей (2486,456) тұр..
Айта кетсек, қазақстандық футзалшылар 2024 жылғы әлем чемпионаты финалдық сатысына жолдама алды.
Жарыстың элиталық сатысында ел құрамасы Нидерланд (2:0, 2:0), Әзербайжан (4:2, 3:2) және Румыния (4:3, 2:0) құрамаларын екі мәртеден жеңіп, 18 ұпаймен А тобында бірінші орын алды.
Әлем чемпионаты алдағы жылы Өзбекстанда өткізіледі.
Айта кетсек, ел құрамасы әлем чемпионатының финалдық сатысында 2000, 2016, 2021 жылдарда сынға түсті. Олар 2021 жылы 4-орынға табан тіреді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.