Алғашқы таймның өзінде алаң қожайындары жеңімпаздың кім болатынын анықтап үлгерді, Рафала Кжысканың қақпасына біздің шабуылшылардың 5 добы соғылды. Таблода алғашқы болып, Игита көрінді, одан кейін оның командадағы әріптестері Серік Жаманқұлов пен Дуглас қос доптан жөнелтті. Екінші таймда қазақстандықтар тағы екі доппен олжа салды, оларды Лео мен Арнольд Кнауб сқоқты.
Еске сала кетейік, бірінші кездесуде ойын 1:1 есебімен тең аяқталған болатын, сөйтіп, Қазақстан 10 қыркүйек пен 2 қазан арасында Колумбияда өтетін әлем чемпионатына шықты.