Футзалдан Қазақстан құрамасы әлемдік рейтинг бойынша 35-інші орында

АСТАНА. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы тамызда жарияланған әлемдік рейтинг бойынша 35-інші орында тұр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рейтингке барлығы 141 команда енген. Алғашқы бестікте мына командалар орналасқан: 1. Бразилия, 2. Испания, 3. Италия, 4. Португалия, 5. Ресей.

Бұрынғы Кеңес одағы елдерінің құрамалары мынадай орындарда: 8. Украина, 13. Беларус, 21. Өзбекстан, 25. Әзірбайжан, 38. Қырғызстан, 45. Латвия, 50. Грузия, 55. Тәжікстан, 56. Литва, 63. Түрікменстан, 69. Молдова, 87. Армения, 121. Эстония.

Еуропа құрамаларының рейтингінде Қазақстан 43 команданың ішінде 19-ыншы орында тұр.