Футзалдан қазақстандық төреші Чемпиондар лигасында қызмет атқарады

АСТАНА. KAZINFORM – Футзалдан қазақстандық төреші Нұрлыбек Қалимағанбетов Чемпиондар лигасында қызмет атқарады. Ақтаулық төреші Нұрлыбек Қалимағанбетов UEFA тарапынан Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі ойындарына төрешілік етуге шақырту алды. 

Фото: kfa_resmi

Биыл 38 жастағы арбитр алғаш рет халықаралық дәрежедегі төреші болды. Енді оған алдағы уақытта халықаралық ойындарда қызмет атқаруға мүмкіндік туды.

Нұрлыбек Қалимағанбетов 21-24 тамыз аралығында Молдова астанасы Кишиневте өтетін G тобының матчтарында қызмет атқарады. Бұл топта «Широки Бриег» (Босния және Герцеговина), «Маккаби» (Нетания, Израиль), «Джорджианс» (Грузия) және «Клик» (Молдова) ойындары болады.

Сондай-ақ футзалдан Қазақстан құрамасы Тәжікстанмен 22 және 24 тамыз күндері екі жолдастық кездесу өткізеді. 

Одан кейін Қазақстан құрамасының Иранға қарсы екі жолдастық матчы жоспарланған. Ойындар 30 тамыз және 1 қыркүйекке белгіленген.