АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматылық «Қайрат» футзалдан Португалияда өтіп жатқан «International Masters Cup» турнирінің алғашқы ойынында жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматылық клуб аталған турнирдің бірінші кездесуінде Португалияның «Спортинг» командасымен шеберлік байқасты. Ойын 6:3 есебімен «Қайраттың» жеңісімен аяқталды.
Жеңімпаз команда сапынан Денер Родриго, Кайо Руис, Эдсон (дубль), Дәурен Тұрсағұлов және Алиссон мерендігімен көзге түсті.
Айта кетсек, турнир топтық кезең форматы негізінде өткізіледі.
Аталған турнирдегі алматылық клубтың қарсыластары – сол елдің «Спортинг», «Бенфика» және «Брага» командалары.
Португалияның «Спортинг» командасы соңғы 7 жылда футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының финалына 6 рет шығып, екі рет чемпион болған.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Қайрат» футзалдан «Mucho Mas» турнирінде қола жүлдеге ие болды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.