Футзалдан журналистер арасында республикалық турнир өтті

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда футзалдан БАҚ өкілдері арасында «МИИР PRESS CUP-2022» республикалық турнирі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екі күнге созылған байрақты бәсеке «ҚазАқпарат» командасымен қатар еліміздің әр өңірінен келген 18 команда қатысты.

Қортындысында елордалық «Қазмедиа» командасы жеңімпаз атанса, «Qazaqstan-Qazsport» командасы және оңтүстік журналистерінен құралған «Шымкент» командасы үздік үштікті түйіндеді.

Сондай-ақ турнир жеңімпаздары 1 орын үшін – 1 млн теңге, 2 орын үшін – 600 мың теңге және 3 орын үшін – 300 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталды. Ал турнирде үздік ойын көрсеткен ойыншыларда арнайы марапаттарға ие болды.


Айта кетейік, турнир ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінің қолдауымен ұйымдастырылды.