Компанияға 12 маусым күні оның ішкі саясаты, жарнамалық қызметі, пайдаланушылар деректерін өңдеу тәртібі, терең оқыту модельдері, сондай-ақ кәмелетке толмағандар мен қарт адамдармен жұмыс істеуіне қатысты құжаттарды ұсыну жөнінде соттан сұрау жіберілген.
OpenAI өкілі компанияның бас прокурорлар көтерген алаңдаушылықтарын байыппен қабылдайтынын және билікпен сындарлы қарым-қатынас жасауға дайын екенін айтты.
Алайда тергеудің басқа мәліметтері жарияланған жоқ.
Айта кетейік, OpenAI басшысының үйіне Молотов коктейлін лақтырған. Осыдан кейін басшының үйін өртемекші болған адамға ауыр айып тағылды.