Бұл туралы Алматы халықаралық әуежайының Фейсбуктегі парақшасында жарияланды.
«18 ақпанда Бек Эйр компаниясының Алматы-Астана бағытындағы Z92100 рейсі шықпайтын болды. Жолаушыларды отырғызу және багажды тиеу кезінде Фоккер-100 ұшағының багаж есігі маңайы зақымданып қалды. Жолаушылар 1 сағаттан соң Астанаға басқа бортпен ұшып кетті. Аталған дерекке байланысты зерттеу жұмыстары басталды», - деді әуежайдан.
Фото Bek Air әуе компаниясынан алынды