«Жаңа Заң Қазақстан Республикасының мәдениет саясаты тұжырымдамасының мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған. Онда заманауи, мәдени кластерлерді салалық, көркемдік кеңестер құру арқылы түбегейлі түрлендіру, басқарушылық шешімдерді үйлестіру көзделген», - деді ол.
Вице-министрдің атап өтуінше, заң еліміздің материалдық емес мәдени мұрасын қорғауға сеп болуымен қатар еліміздің БҰҰ-ның материалдық емес мұраларды қорғау туралы конвенциясына негізделген қызметтеріне толыққанды қатысуға мүмкіндік береді.
«Сонымен қатар мәдениет саласындағы заңнама жетілдіру бірқатар заңнаманың, нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеп, бекітетін өкілетті органдардың құзіретін жетілдіруді болжайды», - деді Ғ.Ахмедияров.