Ғ.Байжанов ҚР «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

***

«Ғ.Ж.Байжановты Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметіне тағайындау туралы» Жарлық

Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2015 жылғы 4 мамыр

№ 13