G-Global коммуникативті алаңы сайтының жаңа нұсқасы таныстырылады

None
АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - 14 қараша күні «Еуразиялық ғалымдар экономикалық клубы» қауымдастығы «Әлем «G-Global» форматында»

тақырыбымен баспасөз мәслихатын өткізеді. Онда G-Global коммуникативті алаңы сайтының жаңа нұсқасы таныстырылады.

Баспассөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдері өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, келесі жылы өтетін IV Астана экономикалық форумы жайында мол мағлұмат ала алады.

Шараға қауымдастық мүшелер, еліміздің мемлекеттік органдарының, қоғамдық бірлестіктерінің, ғылыми ұйымдары мен бизнес құрылымдарының өкілдері қатысады.